Бүгін Сирия астанасы Дамаскіде мыңдаған адам шеруге шығып, АҚШ тікұшақтарының шабуылына байланысты наразылық танытты. Сирия ресмилерінің айтуынша, жексенбі күні АҚШ тікұшақтары Ирақ шекарасына жақын жердегі Сирия ауылын атқылап, 8 адамды өлтірген. Сирия президенті Башар әл-Ассадтың суреттерін қолдарына ұстап шыққан шерушілер Америкаға қарсы ұрандар айтты. Бүгін таңертең Сириядағы АҚШ елшілігі зорлық-зомбылық әрекеттері болуы мүмкін деп, бір күнге жабылды. АҚШ үкіметі жексенбі күні Ирақтан жасалған рейд жөнінде ресми түрде әлі ешнәрсе айтпады.