Accessibility links

Алматыдағы көлік қызметі талқыға түсті


Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қала тұрғындарына көлік қызметін көрсету жөнінде кеңес өткізді. Кеңес жұмысына мемлекеттік құрылымдар мен Алматы қаласы автобус парктерінің басшылары қатысты, — деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
Аталған басқосуда қала тұрғындарының талаптарына жауап бермей отырған жолаушылар көлігінің жағдайы талқыланды. Валидаторлар арқылы ақы төлеу жүйесін енгізу де сөз болды. Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Владимир Меренковтың айтуынша, жүргізушілер бұл жүйеге қарсылық білдіруде. Қала әкімі автопарктермен келісім жасағанда ақы төлеудің электрондық жүйесі жөнінде арнайы бөлім енгізу қажеттігін тапсырды.

Сонымен бірге «автобус парктері бұдан былай көлік жүргізуге тек Алматыда тіркелген және кәсіби біліктілігі жоғары жүргізушілерді ғана алатын болсын», — деді А.Есімов.
XS
SM
MD
LG