Accessibility links

Каддафи Медведевпен энергия мәселесін талқылауда


Бүгін Мәскеуде кездескен Ресей президенті Дмитрий Медведев пен Ливия жетекшісі Мұаммар Каддафидің келіссөздерінің арқауы энергия мәселелері болды.
Каддафи екі елдің мұнай және газ саясатында ортақ мәселелері көп, сол себепті де ынтымақтастықты тереңдетіп, кеңейте түсуіміз керек деп атап өтті.
Ал Медведев тараптардың сыртқы саясат саласы мен экономикалық мәселелерді жан-жақты талқылайтындығын айтқан.
Бүгін кешірек Каддафи Ресей премьер-мнистрі Владимир Путинмен кездесуі тиіс.

XS
SM
MD
LG