Accessibility links

Каддафидің Ресейдегі сапары аяқталды


Ливия президенті Муаммар Каддафи Ресейдегі үш күнге жалғасқан сапарында президент Дмитрий Медведевпен, премьер-министр Владимир Путинмен энергия және әскери саладағы тығыз байланыс мәселелерінде келіссөздер өткізді.
Хабарларға қарағанда, тараптар арасында Мәскеудің бұл солтүстік африкалық елге ядролық реактор салып, отынмен қамтамасыз ететіндігі турасында келісім жасалған.
Жерорта теңізіндегі Бенгази портында Ресей теңіз –флоты базасының орналасуына Ливия ұсыныс жасады деген де хабарлар таратылды.

XS
SM
MD
LG