Accessibility links

Қазақстан президентінің атына АҚШ президенті жеделхат жолдады


ҚР президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Джордж Буш жеделхатта АҚШ үкіметінің атынан Қазақстан үкіметі мен халқына Ирактағы көпұлтты коалиция күштерінің құрамында 2003 жылдың тамызы мен 2008 жылдың қазаны аралығында қазақстандық бітімгершілердің атқарған қызметі үшін ризашылығын білдіреді.

Сіздің қиын-қыстау кезеңде Иракта демократиялық үкімет құруға және нығайтуға көрсеткен тұрлаулы қолдауыңыз сын сағатта қазақстандық рухты паш ету болып табылады. Қазақстан Ирак халқы үшін зорлық-зомбылықты азайту және тұрақтылық орнату жөніндегі операциялардың сәтті өтуіне батыл үлес қосты. Құрама Штаттар алдағы уақытта да қазақстандық контингентпен бірге бейбітшілікті қорғау операцияларында бірлесе қызмет ететініне үміт білдіреді, — делінген жеделхатта.


XS
SM
MD
LG