Accessibility links

Молдова басшысы жікшіл аймаққа кіргізілмеді


Молдова президенті Владимир Воронин елдің жікшіл аймағының шекарасынан қайтарылды. Бұған Днестр маңы аймағының президенті Игорь Смирнов бұйрық берген. Воронин өзінің туып- өскен Корджова ауылына бармақ болған екен, бірақ жергілікті ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, орыс тілді анклавтың шекарашылары президентті кейін қайтарып жіберген.

Воронин сепаратистік аймақтың мәселесін шешуге тырысып, сәуір айында Смирновпен келіссөз өткізген болатын. Днестр маңы аймағы 1990 жылы Молдовадан бөлініп шыққан еді. Бұл аймақта Ресейдің шамамен бір мың сарбазы бар.
XS
SM
MD
LG