Accessibility links

Алматы облысында су электр станциялары ашылуда


Бұл туралы хабарлаған «Қазақстан Бүгін» агенттігінің мәліметінше, Алматы облысының Еңбекшіқазақ және Ескелді би аудандарында екі жаңа су электр станциясы іске қосылды.

Алматы облысының әкімі Серік Үмбетовтің айтуынша, осы жылдың басында Ақсу өзенінде қуаты — 2 МВт, Есік өзенінде — 5 МВт және Қаратал өзенінде — 4,4 МВт су электр стансылары іске қосылды.

«Бұл 28 шағын су электр станциясын орнату жөніндегі облыстық бағдарлама аясында жүзеге асырылып отырған жұмыстың басы», — деп атап өтті С.Үмбетов. Қазір 2009 жылы іске қосылатын тағы үш шағын СЭС салынып жатыр, 2010 жылы бұған қосымша төрт СЭС салынбақ.

Станциялардың ашылуына қатысқан ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев өз кезегінде мемлекеттің қатысуымен және Қытай даму банкінің қаражатын тарту арқылы салынып жатқан 2012 жылы іске қосылатын қуаты 300 МВт Шарын өзеніндегі Мойнақ СЭС құрылысын да атап өтті.

XS
SM
MD
LG