Accessibility links

АҚШ-та президенттік және Конгресс сайлаулары басталды


Американың шығыс жағалауындағы сайлау бекеттері түгелге жуық дерлік, жұмыстарын Астана уақты бойынша кешкі 5-те бастап кетті. Аляскадағы бекеттер ең соңғы болып, сәрсенбіде жабылмақшы. Бүгін америкалықтар президент ретінде Барак Обама мен Джон МакКейннің бірін таңдамақшы. Жеңіске жету үшін үміткер АҚШ Сайлау алқасының 538 мүшесінің кем дегенде 270-інің қолдауына ие болуы шарт. Сондай-ақ сайлаушылар Өкілдер палатасының барлық 435 мүшесін және Сенатқа мүше болатын 35 үміткерді таңдауы тиіс.
XS
SM
MD
LG