Accessibility links

Шымкентте несие таратумен айналысқан күдікті ұсталды


Бұл туралы хабарлаған ОҚО Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті 2008 жылғы тамызда өз танысының атына «Алем Кассад» атты ЖШС тіркеген. Және «ЭСКО» бизнес орталығының ғимаратында жалға орын алып, жедел несиелер тарата бастаған.

«Күдікті БАҚ-дарына жарнама беріп, шұғыл несие алатын 286 адамды тапқан. Жедел несиені алу үшін 4 500 - 12 800 теңге аралығында міндетті сақтандыру жарнасын төлеу керек болған. 2008 жылдың қыркүйек - қазан айларында әлгі А есімді азамат жедел несиелендіру арқылы азаматтардан «Алем Кассад» ЖШС-нің есепшотына 2 млн 500 мың теңге жинап алған»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Күдікті одан кейін бұл ақшаны басқа фирманың есепшотына аударып, заңсыз тапқан қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырған. Қазір оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 177-бабының 3-тармағының "б" тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

XS
SM
MD
LG