Қарағандыдағы банкрот болған «ВалютТранзитБанктің» мүлкі 186 миллион теңгеге сатылды, —деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Енді банктің сақтау қоймасындағы алтын құймалары сатылуға шығарылады, қазір оларды бағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдын-ала есептеулер бойынша, алтын құймалардың құны шамамен 180 миллион теңгені құрайды.