Accessibility links

Ақтөбедегі «Халық банкінің» қызметкерлері күдікті деп танылуда


«Қазақстан халық банкі» акционерлік қоғамы Ақтөбе облысы, Темір аудандық бөлімінің қызметкерлері 12 млн теңгеден астам ақшаны қымқырғандары үшін күдікті деп танылуда, — деп хабарлады облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаменті.

Аталған департаменттің баспасөз хатшысы Әнуар Добрашевтің хабарлауынша, «банк қызметкерлері 2006-2008 жылдар аралығында кассадан ірі көлемде ақша алу үшін жалған шығыс ордерлерін толтырып, заңсыз операциялар жасаған, нәтижесінде кассадағы ақша кем шыққан».

Қазіргі уақытты аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.


XS
SM
MD
LG