Accessibility links

Жамбыл облысында оралмандарға 18 гектар жер бөлінді


Жамбыл облысының Жамбыл ауданындағы Бірлесу-Еңбек ауылында оралмандарды орналастыру үшін 18 гектар жер бөлінді. Бұл туралы хабарлаған Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Жанат Жапардың сөзінше, 2009 жылы ауданға 107 оралман отбасы көшіп келмек және әрбір отбасына үй тұрғызу үшін 15 сотықтан жер бөлінбек.

«Нұрлы көш» бағдарламасының аясында көшіп келген оралман отбасыларының өмірін жақсарту үшін қосымша қаржы бөлу қарастырылуда. Тұрғын үй мәселесімен қатар біз оларды жұмыспен қамтуды да ойластырып отырмыз. Оралмандардың 60 пайызын «Қазфосфат» пен «Жамбылгипске» жұмысқа орналастыру көзделіп отыр. Қалған 40 пайызы ауылшаруашылық жұмыстарымен айналысады, бұл үшін әр отбасына 2 гектардан жер бөліп береміз», — деді әкімнің орынбасары.


XS
SM
MD
LG