Мемлекет басшысы кейбір заңдарға қол қойды, — деп хабарлайды ҚР президентінің баспасөз қызметінен.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, президент Н.Назарбаев «Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан Республикалары арасындағы Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» және «ҚР мен Халықаралық Қайта Құру және Даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Қазақстанның денсаулық сақтау секторындағы технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу жөніндегі жоба) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды.