Accessibility links

Ембі қаласында әкімшілік ғимараты жартылай құлап қалды


Ақтөбе облысының Ембі қаласында әкімдіктің ғимараты жартылай құлады, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ақтөбе облысының Ембі қаласында жартылай құлап қалған әкімдіктің бұл ғимараты 1962 жылы салынған, жалпы аумағы 1584 шаршы метрді құрайды. Аталған төрт қабатты ғимараттан 120 адам көшірілді, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

XS
SM
MD
LG