Accessibility links

Президент жол полициясын сынға алды


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде шектен шыққан шаралардың енгізілгенін сынға алды, — деп хабарлайды ҚазТАГ.

Жемқорлыққа қарсы форумда сөйлеген президент: «Жолдардағы тәртіпті қатайту үшін біз қабылдаған заңдар алғашқы кезде оң нәтиже бергендей еді. Бірақ қазір біз мынадай айыппұлдармен орташа жалақысы 40 мың теңге болатын оларды (автокөлік иелерін) тұншықтырып тастадық», — деді.

Сондай-ақ Н.Назарбаев жақын арада жол полициясы қызметкерлерінің жалақысы үш есеге өсетінін атап өтіп: «Осындай, біз жалақыға және басқа да шаруаларға байланысты қамқорлық жасап отырған жағдайда, қоғамның мемлекеттік аппараттан біздің азаматтардың игілігі үшін адал да ұқыпты жұмысты күтуге құқығы бар» , — деді.

XS
SM
MD
LG