Accessibility links

Ресей мен Никарагуа қайта одақтасты


Никарагуа 14 жауынгері мен ұшқышын 6 жылдық оқуға Ресейге жіберетінін мәлімдеді. Өзара ынтымақтастық туралы осындай келісімге келгені сенбі күні Никарагуа президенті Даниэль Ортега мен Ресейдің вице-премьері Игорь Сечиннің кездесуі алдында хабарланды.
Д.Ортега билік басында болған 1980-інші жылдары Никарагуа Совет Одағымен жақын қарым-қатынаста болды. Ол кезде Никарагуа АҚШ-тан қолдау тапқан бүлікшілерге қарсы соғысты.
2006 жылғы президент сайлауында Ортега жеңіске жеткен соң, Никарагуа мен Ресей қайта табысты.
XS
SM
MD
LG