Accessibility links

FIDE: Алматыда шахмат сарайы тұрғызылуы мүмкін


Халықаралық шахмат федерациясы – FIDE-нің президенті Кирсан Илюмжинов Қазақстанның “оңтүстік астанасы” – Алматыда шахмат сарайын салуды ұсынды.
Илюмжинов бұл ұсынысын Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовпен және шахмат гроссмейстерлері Виктор Корчной, Борис Спасский және Найджел Шортпен кездесуі барысында алға тартты. Аталған шахмат шеберлері Алматыға блиц-шахматтан, яғни тез шахматтан ІҮ-інші Әлем біріншілігіне қатысу үшін келді.
FIDE-нің президенті, сонымен бірге, Алматының барлық орта мектебінде шахмат өнерін факультативтік сабақ ретінде жүргізуде ұсынды. Оған қоса Илюмжинов әдістемелік және ұйымдық тегін көмек беретінін мәлімдеді.

AzattyqTV

Макронмен кездесу

Путин санкцияны айтты

XS
SM
MD
LG