Accessibility links

Барак Обама Ресей және Қытай жетекшілерімен тілдесті


АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Барак Обама Қытай Халық Республикасының төрағасы Ху Цзиньтаомен телефон арқылы ауқымды проблемаларды, оның ішінде ғаламдық қаржы дағдарысын талдады.
“Синьхуа” агенттігінің хабарлауынша, Қытай лидері Обамаға “ресми Бейжің мен Вашингтон бір-бірінің мүдделерімен есептесуге тиіс” деп мәлімдеген көрінеді.
Одан бұрын Ресей президенті Дмитрий Медведев пен Барак Обама телефонмен байланысып, өзара түсіністік табуға ұмтылатындарын мәлімдеп, таяу арада екіжақты кездесу ұйымдастыру қажеттігіне келіскен болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG