Accessibility links

Ауғанстанда қаза тапқан шетел жауынгерлері 1 мыңнан асты


Жексенбі күні Ауғанстанның батысында НАТО күштерінің құрамындағы Испания әскеріне жанпидашыл террорист шабуыл жасап, 2 жауынгер мерт болып, үшіншісі ауыр жараланды. Оқиға Герат облысындағы Әзизабад қышлағынының маңында болды.
Осы шабуылдан кейін Талибан күштеріне қарсы соғыста жер құшқан испан жауынгерлерінің саны 25-ке жетсе, 2001 жылдың соңында Талибан билігі құлатылған уақыттан бері Ауғанстанда қаза тапқан шетелдік жауынгерлердің саны 1 мыңнан асты.
Ауғанстанда Испанияның шамамен 700 жауынгерлік әскері бар, олар негізінен Герат облысына орналасқан.
XS
SM
MD
LG