«Арна-Медиа»ұлттық ақпараттық холдингі акционерлік қоғамы басқарма төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы болып Қайсар Жанаханов тағайындалды.
Қазақстан үкіметінің қаулысымен құрылған «Арна Медианың» негізгі қызметі Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігінде бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін қолайлы жағдай туғызу мақсатында акциялар бумасы (қатысу үлесі) «Арна Медиа» АҚ-ына орналастырылатын заңды тұлғаларды тиімді басқару.
Аталған қаулыға сәйкес мемлекеттік акциялар бумасы (қатысу үлесі) «Арна Медиа» АҚ-ына орналастырылатын заңды тұлғалардың тізімі бекітілді. Олар: «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ; «Хабар» агенттігі» АҚ;«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ; «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ; «Қазақ ақпарат агенттігі» ҰК» АҚ; «Қазақстандық телекоммуникациялар» (КАТЕЛКО) АҚ; «Қазтелерадио» АҚ; «Жас өркен» ЖШС; «Қазақ газеттері» ЖШС.