Accessibility links

Қ.Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының жалпы отырысына қатысады


Парламент сенатының төрағасы - Әлем және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 12-13 қарашада БҰҰ Бас Ассамблеясының «Әлем мәдениеті» тақырыбы бойынша Нью-Йоркте өтетін жалпы отырысына қатысады, — деп хабарлады ҚР Парламенті сенатының баспасөз қызметі.

Конфессияаралық және мәдениетаралық үнқатысуды дамытуға арналған бұл жиынға мемлекеттер, парламенттер, үкімет басшылары, сондай-ақ дінаралық бейбітшілік пен келісімнің нығаюына қомақты үлес қосып жүрген әлемнің 30-дан астам елдерінің сыртқы істер министрлері қатысады.
Отырыстың күн тәртібіне БҰҰ Бас Ассамблеясының дінаралық және мәдениетаралық үнқатысу жөніндегі алдағы 2010 жылғы Жоғары деңгейдегі пікірлесуіне әзірлік мәселелері, Мадридте болған конфессияаралық үнқатысу жөніндегі конференция қорытындылары енгізіліп отыр.

XS
SM
MD
LG