Accessibility links

АҚШ күштері 14 ауған бүлікшісін өлтірген


АҚШ коалиция күштері 14 бүлікшіні өлтірді. Жексенбі күні Хост өлкесінде АҚШ әскерилері бүлікшілердің көлігін тоқтатқан кезде олар атысты бастаған. Бұл туралы АҚШ әскерилерінің баспасөз хатшысы хабарлады. Алайда Хост провинциясының әкімі Арсалла Жамалдың айтуынша, әлгі 14 адам қарапайым құрылыс жұмысшылары болған. Сонымен қатар Херат өлкесінде орын алған жанкештілік шабуылдан Испанияның 2 сарбазы қаза тапты.
XS
SM
MD
LG