Accessibility links

Обама тез арада атқарушы билікті пайдаланбақшы


Жаңадан сайланған АҚШ президенті Барак Обама қаңтар айында өзінің міндетіне ресми кіріскенде шұғыл өзгерістер жасау үшін атқарушы билік орындарын пайдаланатын болады. Обаманың Ақ үйге келуіне дайындық жұмыстарын жасап жатқан Джон Подестаның айтуынша, Барак Обама “өзгерістер үшін шынайы мандат” әкеледі. Обама президент Джордж Буштың тірек клеткаларын зерттеуге енгізген тыйымын және мұнай өндірісіне қатысты саясатын өзгертуі мүмкін. Бұл туралы Подеста жексенбі күні теледидардан сөйлеген сөзінде айтты. АҚШ-тың 44-ші президенті болатын Барак Обама бүгін кешке Ақ үйде Бушпен кездеседі.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG