Ирақ полициясының хабарлауынша, бүгін Бақуба қаласындағы тексеру бекетінде бір жанкешті әйел өзін-өзі жарып жіберіп, 4 адамды өлтірген. Бағдадтың солтүстігіндегі Дияла өлкесінде болған бұл шабуылдан сондай-ақ 14 адам жарақат алған. АҚШ күштерінің айтуынша, Әл-Қаида бүлікшілері бұл аймақта белсенділік танытуда.