Accessibility links

Сербия полициясы Ратко Младичті іздеуде


Сербия қауіпсіздік күштері соғыс қылмыскері деп айыпталған Ратко Младичті іздестіріп, бүгін бірнеше жерде рейд жүргізді. Сербия полиция министрі кеңсесінің хабарлауынша, прокурорлардың бұйрығы бойынша іздеу шаралары Вальево қаласында жүргізілген. Младич көптеген зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады және Сребреницадағы 8 мың мұсылманның өліміне жауапты деп айыпталуда. Еуропа Одағы егер Сербия одаққа мүше болуға ұмтылса, Младичті тұтқындап, БҰҰ-ның соғыс қылмыстары жөніндегі трибуналына тапсыруы тиіс деп талап еткен болатын.
XS
SM
MD
LG