Accessibility links

Қиыр Шығыста аза тұту күндері жарияланды


Қиыр Шығыста қарашаның 11-і мен 12-і аза тұту күндері деп жарияланды. Ресейдің ядролық сүңгуір қайығындағы апаттан 20 адам, қаза тауып, 21 кісі жараланған болатын. Сәрсенбіде алғашқы жерлеу рәсімдері өтеді. Ресмилердің айтуынша, суасты қайығында өрт сөндіру жүйесі іске қосылып, фреон шашылған, сөйтіп ішіндегі адамдар тұншығып қаза болған. Әскери-теңіз күштерінің баспасөз хатшысы Игорь Дыгалоның мәлімдеуінше, ядролық реакторға зақым келмеген, және ешқандай радиация шықпаған. Сүңгуір қайыр қарашаның 8-де Тынық мұхитындағы сынақ кезінде апатқа ұшырады, оның ішінде 208 адам болған.
XS
SM
MD
LG