Ауған президенті Хамид Карзай АҚШ күштерін елдің шығысында 14 жеке қауіпсіздік күзетшісін өлтіргендері үшін сынады. Басында АҚШ әскерилері Хост өлкесінде 14 бүлікшіні өлтірдік деп хабарлаған болатын. Бірақ Карзайдың айтуынша, қаза тапқан әлгі азаматтар құрылыс компаниясында жұмыс істеген күзетшілер болған. Қазір осы оқиғаға байланысты тергеу ісі басталды.