Accessibility links

Брюссель конференциясына Қазақстан да қатысады


Брюссельде 13-қарашада экология мәселелері жөніндегі «Қоршаған орта және қауіпсіздік» конференциясы өтеді. Конференцияға Қазақстан атынан негізгі баяндамашы ретінде ҚР Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Әлжан Бірәлиев қатысады, — деп хабарлады ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев.

Конференцияның ұйымдастырушылары ЕҚЫҰ, ENVSEC («Қоршаған орта және қауіпсіздік» бастамасы), БҰҰ-ның Даму және экологиялық бағдарламасы, БҰҰ Еуропалық Экономикалық комиссиясы мен Солтүстік Атлантикалық альянсы.
XS
SM
MD
LG