Accessibility links

Қазақстан жол апаттарының құрбандарын еске алады


16-қарашада Қазақстанда тұңғыш рет жол апаттарының құрбандарын еске алу күні өткізіледі. Бұл күні республика бойынша жаппай тұңғыш рет «Ұмытпа, ойлан!» деген ұран аясында қоғамдық іс-шара өткізуді жоспарлап отырмыз. Өйткені, 16 қараша - Бүкіләлемдік жол апаттарының құрбандарын еске алу күні болып табылады, — деп хабарлады ҚР ІІМ тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Бағдат Қожахметов.

Оның айтуынша, «жол апаттарының құрбандарын еске алу күні жол полициясы комитеті жүргізушілерге науқанды қолдау мақсатында көліктерінің жақын жарығын жағып, дыбыс жүйесін қосуды ұсынады».



XS
SM
MD
LG