Accessibility links

Есірткі саудасына жолсеріктердің қатысы бар


Осылай деп дабыл қағады Ақтөбе көлік полициясы. Батыс ІІД-нің ақпаратына сәйкес, «Наркощит» деп аталатын жедел сауықтыру операциясының алғашқы күндері-ақ темір жолдан 17 килограмм есірткі тәркіленген.

Былтыр жыл бойына 20 килограмм есірткілік заттар табылды, — деген хабардың растығына күмәнмен қараған сарапшылар жолсеріктердің 2-5 мың теңге аралығындағы ақыға кез келген жүкті алып кете беретіндігін анықтап отыр.

«Жедел тексеру жұмыстары кезінде № 29 Алматы – Атырау поезының 38 жастағы жолсерігі 11 килограмм марихуанамен ұсталды, ол өзіне Атырауға жеткіз деп Шудан тапсырылған сөмкеде есірткі барын білмедім деп отыр», — дейді полиция подполковнигі Любовь Чернова.


XS
SM
MD
LG