Ақтөбе облыстық ІІД-нің хабарлауынша, үш адам зейнеткер қарттың есепшотындағы жылдар бойы жинаған 624 мың теңге қаржысын иеленді деген айыппен күдіктіге саналып отыр.
ІІД-нің мәліметінше, қылмыс зейнеткердің қаржысы сақталған «Қазпошта» АҚ қызметкерінің қатысуымен жүзеге асқан.
Қылмысқа қатысы бар деген пошта қызметкері жұмысынан босатылды, қылмыстық іс жүргізілуде.