Түрме ресмилері диссидент жазушы Юсуф Жұмаға азаптау жазаларын қолдануда. Бұл жөнінде өткен айда әкесін көруге барған қызы Феруза мәлімдеп отыр. Қарақалпақстанның Жаслық түрмесінде қамауда отырған жазушының денесінде ұрып-соғудан пайда болған жарақаттар көп екен. Жазушы әзер жүруде. Осыған орай оған медициналық көмек қажет дейді жазушының отбасы.