Accessibility links

Алматыда кісі өлтірген адам ұсталды


Алматыда кісі өлтіргені үшін мемлекетаралық іздеу жарияланған адам ұсталды, деп хабарлайдыАлматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

ІІД-нің хабарлауынша, «Алмалы АІІБ криминалдық полициясы бөлімінің қызметкерлері жедел шаралардың барысында 47 жастағы жұмыссыз әрі тұрғылықты жері жоқ адамды ұстады. Бұл адамға Алматының 30 жастағы тұрғынын өлтіргені үшін мемлекетаралық іздеу жарияланған болатын. Өлтірілген адамның мәйіті 2007 жылдың 4-қаңтарында пышақ жарақаттарымен табылған еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG