АҚШ мемлекеттік хатшысының саяси істер бойынша көмекшісі Виллиам Бөрнс бүгін Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездеспекші. Кездесу барысында Грузия жанжалынан кейінгі жағдай, Иранның ядролық бағдарламасы және Еуропада зымыраннан қорғаныс жүйесін орнату жөніндегі АҚШ жоспарына Ресейдің қарсылығы сауалдары талқыланбақшы.