Accessibility links

БҰҰ-ы Конгодағы жасағын күшейтпекші


Қауіпсіздік кеңесі Конго демократиялық республикасындағы бейбітшілік сақтау күштерінің санын 3 мыңға көбейтуді қарастыруда. Қазір мұнда БҰҰ-ның 17 мыңдай күштері тұр. Қарапайым халық Конго үкімет әскері мен көтерілісшілер қақтығыстарынан қатты зардап шегуде. Шегініп бара жатқан үкімет күштері өз жолдарында тонау, зорлау әрекеттері арқылы азаматтардың өміріне қауіп төндіруде.
XS
SM
MD
LG