Accessibility links

Бүгін Жақсыбек Күлекеевке үкім шығарылады


«Қазақстан темір жолы» мемлекеттік компаниясының бұрынғы басшысы осы жылдың 1-сәуірінде қызметін асыра пайдаланып, 100 мың доллар пара алды деген айыппен тұтқындалған Жақсыбек Күлекеевке бүгін Астана қалалық Сарыарқа аудандық сотының төрешісі Нұржан Жолдасбеков үкім шығарады. Алдыңғы өткен сот мәжілісіндегі соңғы сөзінде Ж.Күлекеев өзіне тағылған айыптарды дәлелсіз деп қабылдамаған болатын.

Мемлекеттік айыптаушы Еркін Шәріпов Ж.Күлекеевті қатаң тәртіптегі колонияда жазасын өтеу үшін 10 жыл бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеуді талап етіп отыр. Ал Күлекевтің адвокаты Сәлімжан Мусин прокурордың айғақтарын дәлелсіз деп есептейді.

XS
SM
MD
LG