Accessibility links

НАТО-Украина кездесуі


НАТО-ға мүше елдердің қорғаныс министрлері бүгін Эстония астанасы Таллинде бас қосып, Украинамен жоғары дәрежелі бейресми кеңесулер өткізеді. Украинаның болашақта НАТО-ға мүше болу мүмкіндігіне көмектесуге бағытталған бұл жиын 2002 жылдан бергі алтыншы НАТО-Украина кездесуі болып табылады. Оған НАТО бас хатшысы Яап де Хооп Схеффер де қатысады деп күтілуде.

АҚШ қорғаныс министрі сәрсенбі күні Таллинде сөйлеген сөзінде бұрынғы Совет одағы республикаларының Батыспен жақынырақ қарым-қатынас жасағысы келетіндігінен Ресей қауіптенбеуі тиіс деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG