Ауғанстанның оңстүстігіндегі Хелманд өлкесінде орын алған жарылыстан екі ағылшын сарбазы қаза тапты. Британия Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, жарылыс сәрсенбі күні Гармсир ауданында ағылшын әскерилері ауған қауіпсіздік күштерімен бірге күнделікті бақылау жұмыстарын атқарып жатқан кезде болған. Сонымен, 2001 жылдан бері Ауғанстанда қаза болған Британия сарбаздарының саны 124-ке жетті. Британияның Ауғанстанда шамамен 8 мың сарбазы бар.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?