Accessibility links

Азия даму банкі Қазақстанға несие бермек


Қазақстан Азия даму банкінен 700 миллион АҚШ доллары көлеміндегі несие алады. Бұл қаржы ежелгі Жібек жолын қайта қалпына келтіруге бағытталған жобаны жасауға жұмсалмақ. Банк ресмилерінің айтуынша, жаңа үлкен жол “Бейжің мен Брюссель” арасындағы сауданы дамытпақ. Осы жобаға қатысты жұмыстар 2009 жылы басталады деп жоспарланған. Азия даму банкі бұл жоба 2030 жылға дейін аймақтағы сауданы 60 пайызға асыра алады деп үміттенеді.

Сонымен қатар, Ислам даму банкі бұл жобаға 414 миллион доллар инвестиция құямыз деп уәде етсе, Жапонияның Халықаралық ынтымақтастық агенттігі 150 миллион доллар береміз деп отыр. 2 мың 715 шақырымдық жол Қазақстан мен Қытай шекарасындағы Хоргостан Алматы мен Шымкент арқылы өтіп, елдің батысындағы шекараға дейін жалғаспақ.
XS
SM
MD
LG