Accessibility links

Ауған президенті Лондонға барды


Британия Ауғанстандағы сарбаздарын мүмкіндігінше сол елде қалдырады бірақ олардың санын көбейту жөнінде уәде бере алмайды. Қорғаныс министрлігі баспасөз хатшысының мәлімдеуінше, Британия күштерінің Ауғанстанда болуы “өте маңызды”. Бұл туралы бүгін Ауғанстан президенті Хамид Карзай мен Британия премьер-министрі Гордон Браунның Лондондағы кездесуінен кейін хабарланды. Ауғанстан ресмилері Талибан бүлікшілерімен күресуге көмектесу үшін халықаралық күштердің санын өсіруге шақырған болатын.
XS
SM
MD
LG