Алматының Әуезов ауданына қарасты «Шаңырақ» ықшамауданында көлік апаты болып, соның кесірінен бір адам қаза тауып, бір адам ауыр жарақат алды, — деп хабарлайды ҚазТАГ.
Аталған көлік апаты «Жигули» автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісінің рульге ие бола алмай қалғандығынан орын алып отыр. Алдында тұрған бөгетке соғылып, аударылып қалған көліктің жүргізушісі ауыр жарақат алып ауруханаға түсті, ал оның 19 жастағы жолаушысы жедел жәрдем жеткенше оқиға орнында көз жұмды.