Олар 2001 жылдың шілдесінде Генуя қаласында болған шеруге қатысқандарды соққыға жықты деп айыпталуда. Шерушілер сол жолы, Үлкен 8-дік ұйымының саммиті тұсында ғаламдандыру үдерісіне қарсылықтарын білдірген болатын. Бейсенбіде болған Италия сотында басқа 16 полиция қызметкері ақталған еді.