Accessibility links

Ирақтағы қақтығыс азайғанымен қауіп әлі бар делінді


БҰҰ-дағы АҚШ елшісі Ирақтағы қақтығыс күрт азайғанымен, елдегі бүлікшілерден төнген қауіп әлі бар деп отыр. Қауіпсіздік Кеңесіне осылай деген Залмай Халилзадтың айтуынша, 2007 жылдың маусымынан бері Ирақ тұрғындарының, АҚШ пен ирақтық қауіпсіздік күштерінің өлімі 80 пайызға азайған. Десе де әл Қаида мен Иранның қолдауындағы содырлар және басқа да бүлікшілерден төнген қауіп-қатер жойыла қоймаған. БҰҰ-ның Ирақтағы елшісі де Қауіпсіздік Кеңесіндегі сөзінде Ирақта күнделікті қалыпты өмір көріне бастағанымен, алдағы жылға жоспарланған сайлауға байланысты қақтығыстар қайта көтерілуі мүмкін деп ескертеді.
XS
SM
MD
LG