Венесуэла президенті Уго Чавес қазіргі уақытта өз елі Ресеймен бейбіт мақсаттағы атом энергиясын дамыту бойынша жұмыс жасап жатқанын айтты. Ассошейтед пресс агентігіне берген сұхбатында Чавес Ресей президенті Дмитрий Медведевтің осы айдың соңында Венесуэлаға сапары алдында ресейлік және венесуэлалық техникалық топ жұмыстарын бастап кетті деген. Осыған дейін Чавес Ресеймен ядролық ынтымақтастық келісімін жасауды қарастырып жатқанын айтты. Чавес билікке келген 2005 жылдан бері Венесуэла Мәскеумен байланыстарын күшейтіп, 4 млд доллар болатын Ресейдің қару-жарағын сатып алды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Таяу Шығыс
Соғыс өрті шарпыған Газа халқының өмірі
-
Азаттық зерттеуі | 5-бөлім
Дубайдағы Қазақстан: араб жеріндегі "қазақ үкіметі"