Accessibility links

Чехия: Францияның зымыран қорғанысы жүйесін тоқтатуға шақыратын мандаты жоқ


Чехияның жетекші ресмилері Франция президенті Николя Саркозидің Шығыс Еуропада АҚШ-тың зымыраннан қорғаныс жүйесін салуды тоқтатуға шақыратындай өкілеттігі жоқ деп отыр. Ницца қаласында өткен ЕуроОдақ-Ресей саммитінен кейін Саркози Құрама Штаттардың Чехия мен Польшада зымыраннан қорғаныс жоспары мен оған қарсы Ресейдің Одақ шекарасына жақын жерде зымыран орнату жоспарларын тоқтатуға шақырған. Сенбі күні таңертең Чехия мен Польшаның сыртқы істер министрлері АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Барак Обама Құрама Штаттардың зымыран қорғанысы жоспарын алға тартады деген үміттерін білдірді.

XS
SM
MD
LG