Accessibility links

Алматыда “Өзіңді диабетке тексер” қайырымдылық шарасы өтті


Дүниежүзілік диабетке қарсы күрес күніне арналып, Алматыда “Өзіңді диабетке тексер” деген қайырымдылық шара өтті. Онда қандағы глюкозаның құрамы, диабет ауруларының белгілерін анықтау тегін тексерілді. Және диабеттен емделудің жаңа әдіс-тәсілдері айтылып, Диабет ауруына қатысты фильм көрсетілген. Қазақстанда қант диабетімен ауыратындар саны күннен-күнге өсіп барады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, Қазақстанда 157 мың адам осы дертке шалдыққан. Жалпы әлемде 250 млн-нан аса адамда диабет ауруы бар, егер онымен күрес жүргізіп алдын алмаса алдағы 20 жылда дертке шалдығушылар қатары екі еселенуі мүмкін дейді мамандар.

XS
SM
MD
LG