Accessibility links

Актриса Шарлиз Терон БҰҰ-ның бейбітшілік елшісі болды


БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун Оскар сыйлығын алған актриса Шарлиз Теронды БҰҰ-ның бейбітшілік елшісі етіп тағайындады. Шарлиз өзінің қызметінде әйелдерге қарсы қақтығысты тоқтату мәселесіне баса назар аударатын болады. Оңтүстік африкандық 33 жасар Терон 2003 жылы “Құбыжық” фильміндегі ролі үшін Академиялық сыйлықтың иегері атанған. Терон Оңтүстік Африканың кедей аймағында ВИЧ/СПИД дерті туралы мәлімет беретін жобаның құрылтайшысы.
Қазіргі таңда БҰҰ-ның тағы 9 бейбітшілік елшісі бар. Олардың қатарында, американдық актер Джордж Клуни, бразилиялық жазушы Паула Коело, Иордания ханзадасы Хая Бинт әл Хуссейн бар.
XS
SM
MD
LG