Accessibility links

Пәкістан Халықаралық валюта қорынан 7,6 млд. доллар несие алмақшы


Сенбі күні Пәкістан ресмилері Исламабад Халықаралық валюта қорынан 7,6 млд. доллар несие алатын болды деп хабарлады.

Қаржы министрі Шаукат Тариннің айтуынша, Халықаралық қор бұл ақшаны Исламабадқа көмек ретінде беруге келісті. Пәкістанның қаржы министрі енді үкімет алдағы аптада бұл ақшаға ресми түрде сұрау салған соң, Халықаралық қаржы қоры оны тезірек қарайтын болар деді.
XS
SM
MD
LG