Accessibility links

Абхазия жанында Еуропа бақылаушыларына оқ атылды


Грузиядағы Еуропа Одағының бақылаушыларына Абхазия аймағының жанында оқ атылды. Адам шығыны болмады. Еуропа бақылаушыларының айтуынша, бұл шабуыл жікшіл аймақтың жанында грузин полиция қызметкерінің өліміне қатысты тергеу ісі жүріп жатқан кезде болған. ЕуроОдақ өкілдері бұл оқиғаны “қабылдауға келмейді” деп атап, Абхазияның билік орындарын осы оқиғаға байланысты тергеу ісін жүргізуге шақырды.
XS
SM
MD
LG