Accessibility links

ҚР Парламент мәжілісі делегациясының АҚШ-қа сапары басталды


ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаевтың хабарлауынша, бүгін ҚР Парламент мәжілісі делегациясының АҚШ-қа сапары басталды. Делегацияның басшысы мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұрбах Рүстем.
ҚР СІМ-нің мәліметінше, сапар аясында қазақстандық депутаттардың АҚШ Конгресінде, Ұлттық қауіпсіздік кеңесінде, Мемлекеттік департаментінде, Қорғаныс министрлігінде бірқатар кездесулер өткізулері, сондай-ақ басқа да шараларға қатысулары жоспарланып отыр. Кездесулер барысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы екі жақты ынтымақтастықтың ахуалын талқылау, сондай-ақ этникааралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісі туралы пікір алмасу көзделуде.

«Сапар шеңберінде қазақстандық делегация қарашаның 23-25-і аралығында Скрэнтон қаласында АҚШ-тың Дін және мемлекеттік саясат институты өткізетін Адам құқықтары және діни бостандық жөніндегі 5-парламентаралық конференцияға қатысады. Аталған конференцияға 50 мемлекеттің өкілдері келеді деп күтілуде. Қазақстан делегациясының сапары 26-қарашада аяқталады», — деді Е. Ашықбаев.

XS
SM
MD
LG